Қазақстанда 1 қазаннан бастап теміржол билеттерінің құны 10%-ға төмендеді. Жеңілдік 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Бұл туралы «ҚТЖ» баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 10%-дық жеңілдік компания пойыздарындағы вагондардың барлық түріне, сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға да қатысты.
Билеттерді жеңілдетілген бағамен bilet.railways.kz сайты және теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы алуға болады.
