Украинада Ресей соққысынан отыздан астам адам қаза тапты

102
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/U37B2FY8UqVuk5j46HjOhooqICjbI2x66poLKFDM.webp

Фото: REUTERS

Украинаның Краматорск қаласында рейстік екі автобусқа жасалған соққыдан кемінде 30 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тағы үш адам Краматорск қауымындағы Беленькое елді мекенін атқылау салдарынан көз жұмған. Украина Донецк облысының прокуратурасы мен облыстық әскери әкімшілігінің мәліметінше, оқиға 8 қазан күні таңертең болған. Соққы кезінде автобустарда жолаушылар болған.

Прокуратураның алдын ала мәліметіне сәйкес, автобустарға УМПБ Д-30 СН басқарылатын авиациялық бомбалары қолданылған болуы мүмкін. Шабуылдан кейін Краматорск пен Славянск қалаларындағы қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ 8 қазанда Киев қаласында да соққылар тіркелді. Қала билігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, 14 адам жарақат алған. Олардың сегізі ауруханаға жеткізілген, екеуінің жағдайы ауыр.

Украина тарапы шабуылдарға байланысты Ресей әскерін айыптады. Мәскеу бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Комментарии
Другие материалы