Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынады

201
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/KPkqvH4I5Kiy7tG9DTV7xXeUxjtbHW54KLN7hEi7.jpg

Карикатура ЖИ көмегімен жасалды


Түркияда балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты жаңа шектеулер күшіне енеді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

 Енді 2026 жылдың 1 қарашасынан бастап 15 жасқа толмағандар желіні пайдалана алмайды. 
Тиісті нормативтік акт 10 қазанда үкіметтің Resmi Gazete ресми басылымында жарияланды.

Ал 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау талаптары күшейтілген арнайы режим енгізіледі.

Қолданыстағы аккаунттардың иелері де жасын растауға міндетті. Бұл рәсімді аяқтау мерзімі — 2027 жылғы 31 наурыз. Пайдаланушылардың жасы мемлекеттік қызметтердің бірыңғай e-Devlet жүйесі арқылы арнайы сәйкестендіру құралының көмегімен тексеріледі.

Жаңа ережелер бойынша 15–18 жастағы жасөспірімдердің аккаунттары жабық болады. Оларға тікелей эфирге шығуға, жекелендірілген жарнамаларды көруге және контентті ұсынудың кейбір тетіктерін пайдалануға шектеу қойылады. Сонымен қатар платформалар жасөспірімдерге жиналған деректер негізінде өзге аккаунттарды ұсына алмайды және олардың профильдерін басқа пайдаланушыларға ұсынуға тыйым салынады

Комментарии
Другие материалы