Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келісті ме? – Трамп тағы да топшылады

113
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға шабуыл жасамау туралы келісімге келді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

«Осы сәттен бастап Ресей мен Украина арасындағы соғыста энергетикалық бітім күшіне енеді. Екі тарап та келісті. Оны бұзбаңыздар!» – деп жазды АҚШ басшысы.

Айта кетейік, 10 қазанда журналистермен әңгімелесу кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийдің соғысты тоқтатуға бірнеше рет мүмкіндігі болғанын, алайда ол ұсыныстарды пайдаланбағанын айтты. Сонымен қатар, Зеленскийдің орнына Мәскеумен келіссөз жүргізе алатын жаңа басшы ауысуы керегін ұсынған еді.

«Мен оларға келісімге келе алатын жаңа басшы табуға кеңес беремін. Зеленскийдің бірнеше рет келісім жасауға мүмкіндігі болды. Бірақ қандай да бір себеппен ол мұны істемеді. Меніңше, Украинаға жаңа президент сайлайтын уақыт келді», – деген еді Трамп.

Ал Зеленский егер Ресей 60 күн соққы жасауын тоқтатса, Украина президент сайлауын өткізетінін айтқан болатын. 

Комментарии
Другие материалы