Бизнес қажеттіліктеріне сай тендерлік кепілдікті қалай дұрыс таңдауға болады?

167
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oNaAUIfvTEXBPhsIsBn5jQT7rAwosGAbzCW6iD42.jpg

Құжат жинау, кептелісте тұру, қаражатты шотта бұғаттау, банкке бару және оның жабылуына дейін үлгеруге тырысу. Бұл жағдай сізге де таныс па? Бұрын кепілдік алу үдерісі осындай қиындықтармен байланысты болатын. Бүгінде цифрландырудың арқасында Halyk банкінде кепілдік рәсімдеуге бір жұмыс күнінің орнына небәрі 10 минут жеткілікті. Демек, құжат рәсімдеуге аз уақыт жұмсалып, бизнесті дамытуға көбірек мүмкіндік туады. Бизнес қажеттілігіне қарай кепілдіктің қай түрін таңдаған дұрыс екенін қарастырайық.

Тендерге қатысу үшін қандай кепілдік қажет?

Ең алдымен, конкурсқа қатысудан бастайық. Бұл жағдайда мемлекеттік сатып алу және «Самұрық-Қазына» порталдарына арналған цифрлық бланктік тендерлік кепілдіктер қолайлы. Олардың көмегімен бизнес өкілдері конкурс аяқталғанға дейін ұйымдастырушының шотына қаражат аударып, оны бұғаттамай-ақ қаржылық сенімділігін растай алады. Мұндай кепілдікті кепілзат ұсынбай және банк бөлімшесіне бармай рәсімдеуге болады.

Halyk кепілдік рәсімдеу үдерісін ғана жеңілдеткен жоқ. Кәсіпкерлерге өздеріне сәйкес сатып алуларды табуға және оларға қатысуға көмектесетін қосымша сервистер де іске қосылды. Мысалы, «Тендерлер бойынша ұсыныстар» сервисі компанияның қызмет бағытын ескере отырып, күн сайын өзекті ұсыныстарды жинақтайды. Бұл кәсіпкерлерге сатып алуларды өз бетінше іздеуге уақыт жұмсамай, өздеріне лайықты лоттарды жылдам табуға мүмкіндік береді.

Сатып алуға тұрақты қатысып, кепілдік рәсімдеуге кететін шығынды оңтайландыруды көздейтін кәсіпкерлерге де шешім бар. Halyk үш тарифтік пакетті ұсынады. Tender Pro – тендерлерге тұрақты қатысатын компанияларға, ал Tender – сатып алуларға анда-санда қатысатын кәсіпкерлерге арналған. Salem пакеті арқылы шағын сомадағы тендерлерге қатысуға болады.

Бұл жүйе жазылым немесе медициналық сақтандыру қағидатына ұқсайды. Кәсіпкер пакет сатып алып, белгіленген сома шегінде тендерлік кепілдіктерді тегін рәсімдеу мүмкіндігіне ие болады. Тарифтер бизнестің кез келген түріне қолжетімді. Ол үшін Halyk клиенті болу жеткілікті.

Тендерде жеңіске жеткендерге қандай кепілдік қажет?

Тендерге қатысу – алғашқы қадам ғана. Конкурста жеңіске жеткеннен кейін кәсіпкер шартты орындауға кірісуі керек. Ол үшін міндеттемелердің орындалуына кепілдік талап етілуі мүмкін.

Halyk ұсынатын міндеттемелердің орындалуына арналған цифрлық бланктік кепілдікті жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер рәсімдей алады. Бір кепілдіктің сомасы 100 млн теңгеге дейін, ал кепілдіктердің жалпы сомасы 200 млн теңгеге дейін жетеді. Бұл кәсіпкерге шарт талаптарын орындауға дайын екенін растауға және конкурстағы жеңістен нақты жұмысқа көшуге мүмкіндік береді.

Тапсырыс беруші белгілеген бағадан төмен баға ұсынғандарға не қажет?

Кейде тендерде жеңіске жету үшін кәсіпкер тапсырыс беруші белгілеген бағадан төмен баға ұсынады. Мұндай жағдайда демпингке қарсы қамтамасыз ету талап етілуі мүмкін. Бұл ретте сатып алу талаптарын орындаумен қатар, айналымдағы қаражатты сақтап қалу да маңызды.

Кәсіпкер өз қаражатын айналымнан шығарудың немесе кредиттік желіні пайдаланудың орнына демпингке қарсы цифрлық бланктік кепілдік рәсімдей алады. Бұл сатып алу талаптарын орындауға, айналым қаражатын бұғаттамауға және ұзақ рәсімдеу үдерісінен аулақ болуға мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, кепілдіктің түрін таңдау кәсіпкердің мақсатына байланысты. Олар тендерге қатысу, жеңіске жеткеннен кейін шартты орындауға кірісу немесе ұсынылған бағаның негізділігін растау болуы мүмкін. Halyk-тің цифрлық шешімдері осы кезеңдердің әрқайсысынан жеңіл әрі жылдам өтуге, айналымдағы қаражатты сақтауға және бизнесті дамытуға басымдық беруге көмектеседі.

Комментарии
Другие материалы