Журналист Трамптың баспасөз хатшысы болудан бас тартты – БАҚ

197
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EGVWvTE9enWStADETFx6wh1M1c96imvxiSPkuUnv.avif

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысы қызметіне Fox News арнасының бұрынғы жүргізушісі Мария Бартиромоны тағайындауды көздеген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алайда ол бұл ұсынысқа келіспейтінін білдірген.

Axios басылымның мәліметінше, бұл туралы АҚШ әкімшілігіндегі екі дереккөз хабарлаған.

Сондай-ақ аталған қызметке консервативті комментатор Скотт Дженнингс те қарастырылған. Дегенмен оған ресми ұсыныс жасалмаған.

Бұған дейін, Трамптың баспасөз хатшысы болған Кэти Захарияның қызметтен кеткені туралы бейресми ақпарат тараған.

Материал әлі толықтырылады.

Комментарии
Другие материалы