Ақмола облысында жеңіл автокөлік үш жол жұмысшысын қағып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна”.
Оқиға 23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында болған.
Полицияның мәліметінше, Chery Arrizo 8 көлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде жұмыс істеп жүрген үш адамды қағып кеткен. Жұмысшылардың ешқайсысы жарық шағылыстыратын кеудеше кимеген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
