Фото:Olympic.kz
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды “Адырна”.
Отандасымыз Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Ол грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін белдесуде Қытай спортшысы Лигуо Цаоны жеңді.
Бұл – Айдос Сұлтанғалидың әлем чемпионатындағы төртінші жүлдесі.
