TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 5 тәулікке қамалды

192
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/56En3bXLVRofnwYXSvErrDzH4eun7f54AAcI8waQ.jpg

Ақтөбе қаласында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен 42 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Полиция мәліметінше, құқық бұзушының жеке басы анықталған. Ол — Абдулла Қоңырбаев. Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Полиция өкілдері әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер де қоғамдық кеңістік саналатынын еске салды. Ведомствоның ескертуінше, интернетте жасалған құқық бұзушылықтар үшін де заң аясында жауапкершілік қарастырылған.

 

 

Комментарии
Другие материалы