Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай 10-ға жуық зымыран ұшырды

183
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8fQVptfGIZFeQTiINcGbhhn2kqr30mYmKbujDaM5.webp

Солтүстік Корея 29 қазан күні таңертең Жапон теңізіне қарай қысқа қашықтыққа ұшатын 10-ға жуық баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы KBS World жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оңтүстік Корея әскери күштерінің мәліметінше, зымырандар КХДР-дың шығыс жағалауындағы Вонсан қаласы маңынан жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да ( Астана уақытымен 08:30-да – ред.) ұшырылған. Қазір олардың ұшу қашықтығы мен биіктігі нақтыланып жатыр.

Сеулде бақылау шаралары күшейтілгені және жаңа зымыран ұшыру әрекеттеріне дайындық жүргізіліп жатқаны мәлімделді. Оңтүстік Корея әскери күштері зымырандар туралы ақпаратты АҚШ және Жапониямен бөлісіп отыр.

Зымыран ұшырылғаны туралы Жапонияның Қорғаныс министрлігі де хабарлаған. Ведомствоның мәліметінше, баллистикалық зымыран болуы мүмкін нысан елдің айрықша экономикалық аймағынан тыс теңізге құлаған.

Жыл басынан бері Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды 17-рет ұшырып отыр. Бұған дейінгі сынақ 12 қазанда өткен. Сол кезде зымырандардың бір бөлігі 900 шақырымнан астам қашықтықты еңсерген. Кейін Пхеньян тактикалық баллистикалық зымыран сынақтан өткізілгенін мәлімдеген.

Комментарии
Другие материалы