Атырауда қонақүй өртенді

218
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BFSk8LvIFaPrTAqWCOQdCBY9AwmFev7bzO83WOUM.webp

Атырау қаласындағы К. Смағұлов көшесінде орналасқан бір қабатты қонақүй ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға туралы ақпарат түскен бойда өрт орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен арнайы техникалары жіберілді. Өрт сөндірушілердің жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Құтқарушылар дереу тілсіз жаумен күреске кірісіп, қажетті шаралардың нәтижесінде өртті толықтай сөндірді.

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, қаза тапқандар да жоқ.

Өртті ауыздықтауға ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 9 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Комментарии
Другие материалы