Президент Жолдауы: Құрылтайда кәсіпкерлікті қолдау тетіктері талқыланды

58
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RWLYZjmIuBUQ04GNx6rQuooCU9tpBWFTh2qZnMHy.jpg

6 қараша, Құрылтай. Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңатарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқынаЖолдауын іске асыру тақырыбында Экономикалық саясат, өнеркәсіп жәнеэнергетика комитетінің отырысы болды. Комитет басшысы Наталья Годунованыңтөрағалығымен өткен жиында шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытумәселелері талқыланды.

 Іс-шараға депутаттар, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық экономика, Қаржы, Өнеркәсіпжәне құрылыс, Сауда және интеграция министрліктерінің, «Бәйтерек» ҰБХ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның өкілдері, сондай-ақ отандық бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

 Отырыста салалық комитет төрағасы Наталья Годунова Мемлекет басшысыкәсіпкерлікті дамытуды экономиканы әртараптандырудың, тұрақтыэкономикалық өсуді қамтамасыз етудің және халықтың әл-ауқатын арттырудыңнегізгі факторларының бірі ретінде қарастырғанын атап өтті.

 – Бүгінгі отырыс аясындағы біздің міндетіміз – мемлекеттік қолдаудың қазіргішаралары бизнестің үдемелі дамуын қаншалықты қамтамасыз ететінін бағалау, жүйелі проблемаларды тағы бір рет нақтылау және Мемлекет басшысыныңтапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды айқындау, – деді ол.

 Құрылтай Төрағасының орынбасары Дания Еспаева өз сөзінде бүгінгі таңдаелімізде шағын және орта бизнестің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 40%-ға жеткенін, ал оның негізгі капиталға салынған инвестициялардағы үлесі 70% - ғажақындағанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл көрсеткіштер кәсіпкерліктіңұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналғанын айқын көрсетіпотыр.

 Дания Еспаева Президент жүктеген міндеттерге жан-жақты тоқталды. Ол қазірүштен бірі сауда саласында шоғырланған шағын бизнесті әртараптандыруқажеттігін айтты. Сондай-ақ Орта бизнесті дамытудың кешенді жоспарынәзірленуі тиіс екенін, онда ұзақ мерзімді қаржыландыру, технологиялықжаңғырту және өнімді кепілді өткізу жолдары қамтылуы керектігін айтты.  Кедергілерді азайта отырып, ШОБ-тың мемлекеттік және квазимемлекеттіксекторлардағы сатып алуларға қатысуын кеңейту, бұған қоса 2027 жылдыңбасынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылдық мораторийдіталқылау арқылы әкімшілік қысымды төмендету де өте маңызды. Соныменқатар, қолдау шараларын реформалау, бизнесті маркетплейстермен, банктерменжәне логистикалық операторлармен интеграциялауды қамтитын өзгеріс – қаржылық модельден кешенді модельге көшу межеленіп отыр.

 Отырыс барысында ШОБ-ты мемлекеттік қолдау және дамыту шараларыныңіске асырылуын парламенттік бақылау жүргізілетіні туралы Құрылтай депутаты Мұратбек Мұхамбедиев хабарлады.

 «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Аслан Калиғазин бизнес бүгінде жасанды «өсім тосқауылына» тап болып отырғанын айтты. Шикізаттыңқымбаттауына байланысты шағын кәсіпорындар кірісті номиналды түрдекөбейтіп, нәтижесінде автоматты түрде орта бизнес санатына ауысады. Бұл реттекомпаниялар шағын сегментке есептелген мемлекеттік преференциялар мен жеңілдіктерден бірден айырылады, бұл оларды өндірісті кеңейтугеынталандырады. 26%-ға дейінгі мөлшерлемелері бар қымбат несиелер, реттеушілердің қысымы мен тиімсіз тексеру жүйесі жағдайды қиындатады.

 Осы проблемаларды шешу үшін «Атамекен» ҰКП бұрын келісілгенжеңілдіктерді уақытша сақтауға мүмкіндік беретін және жұмсақ салық режимінқамтамасыз ететін «шағын – орта» өтпелі қолдау пакетін іске қосуды жөнсанайды. Бұдан бөлек, палата мемлекеттік сатып алулардағы басымдықтардыАЕК көлеміне қарай бөлуді, жеткізілімдер бойынша төлемнің 15 күндік мерзімінбелгілеуді, Ұлттық тауарлар каталогын отандық өндірушілер тізіліміменүйлестіруді және инвестициялық қарыздарды субсидиялау мерзімдерінұлғайтуды ұсынды.

 Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Үкімет дайындап жатқанбизнесті қолдау шаралары туралы айтты. Кешенді жоспар жобасы негізгі төртбағытты қарастырады. Біріншісі – шағын бизнестің орта бизнеске көшуінынталандыру. Екіншісі – ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу. Бұл ретте«Өрлеу» бағдарламасы бойынша кемінде жеті жыл мерзімге қарыз беру, үлестікжәне мезониндік қаржыландыруды дамыту, сондай-ақ банктер «Даму» қорыныңкепілдіктерін таныған кезде орта кәсіпорындардың облигациялар нарығынашығу мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылады. Үшінші бағыт қуатты технологиялықжаңартуды және жабдықтың жеңілдетілген лизингін, өндірушілерге ҚҚС-ты жедел қайтару мен технологиялық аудит арқылы еңбек өнімділігін арттырудыкөздейді. Төртінші блок тұрақты сатуды қамтамасыз ету үшін ірікомпаниялармен орта бизнестің ынтымақтастығына қатысты. Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» АҚ-мен, ұлттық компаниялармен және жер қойнауынпайдаланушылармен 3-5 жыл мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу, ШОБ субъектілеріне сатып алудың бір бөлігін резервке қою және өнімберушілерге төлем мерзімін 30 күннен кешіктірмей белгілеу ұсынылады.

 Кешенді жоспардың басым бағыттары өңдеу өнеркәсібі мен агроөңдеу болыпбелгіленді. Вице-министрдің айтуынша, негізгі мақсат – ЖІӨ-дегі орта бизнестіңүлесін кезең-кезеңімен 7 пайыздан 15 пайызға дейін, ал болашақта 20 пайызғадейін арттыру. Нәтиже шағын бизнестен орташа бизнеске дейін өскенкомпаниялардың санымен өлшенеді.

 Отырыс барысында талқыланған мәселелер бойынша Өнеркәсіп және құрылысвице-министрі Иран Шархан, Сауда және интеграция бірінші вице-министріАйжан Бижанова, сондай-ақ Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл өз ойларынортаға салды. Депутаттар экономиканың нақты секторы өкілдерінің де  пікір-ұсыныстарына құлақ түрді. Атап айтқанда, Shaurma Food компаниялартобының жетекшісі Дмитрий Инютин «Даму» қоры желісі бойынша қоғамдықтамақтану саласын қолдау шараларының қысқартылғанын айтты, моноқалалардабизнесті қолдау бағдарламаларын қайта бастауға шақырды.

 Талқылауды қорытындылай келе, комитет төрағасы Наталья Годунова Құрылтайатқарушы органдардан жан-жақты, нақты іске асырылатын және экономикалықнегізделген қадамдар күтетінін атап өтті. Қажет болған жағдайда депутаттарсалалық мемлекеттік органдардың шағын және орта бизнесті дамытуды қолдаужөніндегі жаңа бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қолдауға дайын екендерінжеткізді.

 

 

 

Комментарии
Другие материалы