Құрылыс краны құлап, бір адам қаза тапты

150
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tId0f1co0pWN5oQmbZD4yn9kzJHWJw8YE7HMocFs.webp

Батыс Қазақстан облысында құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” "Мой город"-қа сілтеп.

Қайғылы оқиға 7 қарашада Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылында болған.

Көпқабатты тұрғын үй құрылысы кезінде мұнаралы кран құлаған. Сол сәтте кран кабинасында болған машинист оқиға орнында қаза тапты.

Облыстық полиция департаменті жұмысшының қайтыс болғанын растады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайы мен апаттың себептерін анықтап жатыр.

Полиция тергеу барысына қатысты әзірге өзге ақпарат жариялаған жоқ.

Комментарии
Другие материалы