Түркіменстанда «Түркіменбашы – Қарабұғаз – Қазақстан шекарасы» автомобиль жолының 44 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Адырна".
Балқан уәлаятында орналасқан жол төрт жолақты. Ол халықаралық «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізінің құрамына кіреді. Жаңа учаске екі ел арасындағы көлік қатынасын жақсартып, жүк және жолаушылар тасымалының өткізу мүмкіндігін арттыруға тиіс.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталған.
Сонымен қатар Түркіменстанда Ашхабад – Дашоғыз автомобиль магистралінің құрылысы қолға алынды. Жаңа жол ел астанасын солтүстік өңірмен байланыстырып, халықаралық транзиттік әлеуетті арттыруға және көрші мемлекеттер арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған.
