Қазақстанда такси нарығын өзгертеміз! - сұхбат

147
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BK95kG71kHtPoiYJ3ydLLkCpllaultf4y3R0JEw6.jpg

Қазақстандық Qajet Taxi такси қызметінің өкілдері жобаның құрылу тарихы, қаржылық жағдайы, кездесіп отырған қиындықтары мен алдағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Олардың сөзінше, соңғы бір жарым жылда компанияның қарызы 150 миллион теңгеге жеткен.

Сұхбат барысында команда мүшелері Qajet Taxi идеясынан бастап, сервисті дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, картографиялық жүйе, қаржы тапшылығы, қарбалас уақытта көлік табудың қиындауы және жүргізушілермен жұмыс істеу жайы сөз болды.

Жоба өкілдері Qajet Taxi-ді өзге такси қызметтеріне балама ретінде ұсынып, жүргізушілер мен жолаушыларға тек осы сервисті таңдауды міндеттемейтіндерін атап өтті. Сондай-ақ компанияға қатысты сын-пікірлер мен әлеуметтік желідегі қолдау туралы да пікір білдірді.

Толығырақ adyrna.kz ютуб арнасынан көре аласыз!

Комментарии
Другие материалы