Каспийдің Әзербайжан жағасынан қанша метрге шегінгені айтылды

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/q55mNbhwIrmKCZ6RBKEJxBQPBMdLG4nGem9GD3fI.jpg

Каспий теңізінің кей бөлігінде су бұрынғы жағалау сызығынан 800 метрге дейін шегінген, деп хабарлайды "Адырна" caliber.az-ға сілтеп.

Бұл туралы Әзербайжанның мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі қызметі жанындағы жылжымайтын мүлік кадастры және тізілімі мемлекеттік басқармасы төрағасының орынбасары Фарид Джафаров айтты. 

Оның сөзінше, су деңгейінің төмендеуіне қарамастан, құрғап қалған аумақтар бұрынғы құқықтық мәртебесін сақтайды және теңіз акваториясына жатады.

«Бұл – едәуір үлкен аумақ. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған жерлер теңіз акваториясына кіреді және бұрынғы құқықтық мәртебесін сақтайды», – деді Фарид Джафаров Каспий жағалауын басқаруды жетілдіруге арналған брифингте.

Ол Каспий теңізінің жағалау сызығы 2016 жылғы 24 тамызда министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілгенін еске салды. Ал ені 20 және 50 метр болатын жағалауды қорғау белдеулері мемлекеттің айрықша меншігі болып саналады.

Сонымен қатар Фарид Джафаров жағалау аумақтарын аймақтарға бөлу және олардың цифрлық картасын әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты. Жұмыс аяқталғаннан кейін азаматтар арнайы карта арқылы жағалауды басқару жүйесіне кіретін аумақтар туралы ақпарат ала алады.

Комментарии
Другие материалы