Бір жылға толмады. Көлік-логистика бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті

324
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IkQZwgFyfH6gDOP0FtMqyHEJBgzxjyPACkjVoBcj.webp

Фото: Ақорда

Азамат Бақытжанұлы Кескінбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен ол аталған лауазымнан босатылған.

Азамат Кескінбаев бұл қызметке 2025 жылғы желтоқсанда тағайындалған еді. Ол 1986 жылы Түркістан облысы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2011 жылы Мәскеудегі Жоғары экономика мектебінде экономика магистрі дәрежесін алған. 2025 жылы Назарбаев университеті мен Дьюк университетінің бірлескен Executive MBA бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін иеленген. Еңбек жолын 2011 жылы Мәскеудегі компаниялар тобында алгоритмдік сауда саласындағы команданың жетекшісі болып бастаған. 2015–2019 жылдары «Қазпошта» АҚ-да бас менеджер, стратегия және экономикалық талдау департаментінің директоры, 2019–2020 жылдары экономика және кеңейтілген аналитика департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2020–2022 жылдары «ForteBank» АҚ-да қаржылық талдау бағытын басқарған. 2022–2025 жылдары «Қазпошта» АҚ-ның қаржы жөніндегі басқарушы директоры әрі басқарма мүшесі болған. 2025 жылғы 23 желтоқсанда Президент Әкімшілігінің көлік-логистика саласын дамыту бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Еске салайық, 3 қарашада Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Әсел Жанасова тағайындалды.

Комментарии
Другие материалы