Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

156
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SNMaujH6zGOuktvJMLiCX3iPDLwOamwHkZ56fCwv.webp

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Әзиз Қажденбек тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Әзиз Қажденбек 1993 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары қаладағы үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қызмет еткен. Халықаралық бизнес университетінің (UIB) Жастар орталығының директоры және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарған. Сонымен қатар, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымында болған.

2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

Комментарии
Другие материалы