Ақмола облысында 75 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем жасалды

95
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fLNSgfVfdfr9XbXksHopawGXuDZLzTlo5kjbVJg5.jpg

Ақмола облысында 2026 жылдың қыркүйегінде 75 284 адамға жалпы сомасы 2,79 миллиард теңге әлеуметтік төлем тағайындалған, деп хабарлайды Adyrna тілшісі.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек 1 055 отбасындағы 4 862 адамға тағайындалып, оның 1 009 отбасындағы 4 631 адамына 517,8 миллион теңге төленген.

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 12 425 теңгені құраған.

«Тұрғын үй көмегі де көрсетіліп келеді. Есепті кезеңде 96 отбасына көмек тағайындалып, 93 отбасыға жалпы сомасы 3,95 миллион теңге төленген. Бұдан бөлек, мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу бойынша 427 балаға көмек тағайындалған. Оның ішінде 345 балаға 22 миллион теңгеден астам қаражат төленген», - деді басқармадан.

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 68 645 адамға 2,19 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілген.

Әлеуметтік қолдаудың негізгі мақсаты - табысы төмен және көмекке мұқтаж азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту.

Комментарии
Другие материалы