"Квотаның 48 пайызы". Ақмолада 114 отбасы қандас мәртебесін алды

61
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fHHDNEzEvMDBMtroaPgYSXDa14Znwg33Xqfl6rZu.png

Ақмола облысында 2026 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 114 отбасыға қандас мәртебесі берілген. Олардың жалпы саны - 213 адам, деп хабарлайды Adyrna тілшісі.

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, қандастардың басым бөлігі Қытайдан келген. Бұл елден 84 отбасының 155 мүшесі тарихи отанына оралған.

Сонымен қатар Моңғолиядан - 10 отбасы (25 адам), Ресейден - 7 отбасы (10 адам), Түрікменстаннан - 2 отбасы (6 адам), Өзбекстаннан - 10 отбасы (16 адам), Тәжікстаннан бір адам келген.

«Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 150 адам болып белгіленген. Қазіргі уақытта оның құрамына 72 адам енгізілген. Бұл жалпы квотаның 48 пайызын құрайды», - деді басқармадан.

Ведомстводан атап өткендей, өңірлік квотаға енгізілу қандастарға заңнамада көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға мүмкіндік береді.

Тарихи отанына оралған азаматтарды бейімдеу, жұмыспен қамту және тұрақты қоныстануына жағдай жасау - этникалық көші-қон саясатының маңызды бағыттары.

Комментарии
Другие материалы