Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды

202
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dNbh6F7ffezITCeRAAT1uNJMJ4BpSG1EPiqfnmwc.webp

Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерсайын Нағаспаев министр қызметіне алғаш рет 2025 жылғы ақпанда тағайындалған. Ал 2026 жылғы қыркүйекте министр лауазымына қайта тағайындалған еді. 

Айта кетейік, Ерсайын Нағаспаев Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Ол 2002–2003 жылдары ҚР сыртқы істер министрлігінің атташесі, инвестициялар комитетінің атташесі болып қызмет атқарды. 2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, 2006 жылдан — 2007 жыл аралығы ҚР көлік және коммуникация министрлігі көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы, директордың орынбасары, 2007–2009 жылдары — «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК басшысының орынбасары, аппарат басшысы, 2009 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің әкімшілік жұмыс, мемлекеттік жұмыс, мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары, ҚР премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болған. 2009–2010 жылдары — Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, 2010–2011 — жылдары Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

2011–2013 — жылдары Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, 2013–2014 — жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014–2016 — жылдары «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы, 2016–2020 жылдары — «Новострой Астана» ЖШС директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары, 2021 жылдың сәуірінен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеген.

2025 жылы 28 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2026 жылы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

Комментарии
Другие материалы