Рөлдегі микроұйқы деген не?

158
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8Nb9XmENkWzkpaUZPC1VKG8j850KjzV3TwoP2yCS.jpg

Фото: ЖИ

Қазақстан ІІМ жүргізушілерге рөлде отырған кезде пайда болатын микрoұйқының қауіптілігі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Ведомство өкілдері жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін бірқатар кеңес ұсынды.

ІІМ мәліметінше, микроұйқы – адамның бірнеше секундқа еріксіз ұйықтап кетуі. Мұндай сәтте жүргізуші көлікті басқару қабілетін уақытша жоғалтады.

Мәселен, көлік сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатса, жүргізуші үш секундқа қалғып кеткеннің өзінде автомобиль шамамен 83 метр жолды бақылаусыз жүріп өтеді. Бұл уақытта ауыр жол-көлік оқиғасы болуы мүмкін.

Полицияның хабарлауынша, микрoұйқының негізгі белгілеріне қабақтың ауырлауы, жиі есінеу, зейіннің төмендеуі және реакцияның баяулауы жатады. Сонымен қатар кофе ішу, қатты музыка қосу немесе терезені ашу шаршауды баспайды.

Осыған байланысты ІІМ жүргізушілерге жолға шығар алдында жақсылап тынығуды, еңбек және демалыс режимін сақтауды, ұзақ сапар кезінде аялдап, демалып алуды ұсынды.

Ведомство өкілдері ұйқышылдық белгілері байқалған жағдайда қауіпсіз жерге тоқтап, міндетті түрде тынығу қажеттігін ескертті.

Комментарии
Другие материалы