Қазақстандық суға жүзуші Ислам ойындарында алтын медаль иеленді

3546
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/758308e9-bad7-4e19-8407-dba81e986d6d.jpeg
Қазақстандық суға жүзуші Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль иеленді, - “Адырна” ұлттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 23 жастағы павлодарлық спортшы 50 метрге брасс тәсілімен жүзу жарысында топ жарып, Ислам ынтымақтастық ойындарының алтын медалін жеңіп, осы жарыстың рекордын жаңартты.
Аделаида Пчелинцева - 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша Қазақстан рекордының авторы. Ол 2018 жылы бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды. Бұған дейін БАҚ оны "Қазақстан спортының жаңа секс-символы" деп атаған болатын.
Бесінші Ислам ынтымақтастық ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтеді. 24 спорт бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Барлығы 355 медаль ойнатылады.

”Адырна” ұлттық порталы

 
Комментарии
Другие материалы