Түркияда зәулім ғимарат өртенді

3746
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/c8557595-a4ba-45a4-8914-7a93f57cc6db.jpeg
Ыстамбұлда Фикиртепе ауданындағы зәулім ғимарат өртенді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Oda TV түрік басылымына сілтеме жасап.  24 қабатты үйден өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Зәулім ғимараттың төменгі қабаттарында тұтанған өрт қаптама арқылы жоғары қабатына тез жеткен. Біраз уақыттан кейін өрт сөндірушілер жалынды өшірді. Басылым мәліметінше, ғимарат бақылауға алынған, ішкі және сыртқы салқындату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Фикиртепе аймағындағы көпқабатты үйден шыққан өртті біздің өртсөндірушілер бақылауға алды. Эвакуация барысында адамдар қаза тапқан жоқ. Өрттің шығу себебі тергеуден кейін белгілі болады", - делінген хабарламада.
https://youtu.be/45gSY87tuY8
Комментарии
Другие материалы