«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды

3808
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/photo_396411.jpeg
«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы облысы Қарасай ауданы Криминалдық полиция басқармасы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Келесі адамдар іздеуге жарияланды: -  Данияр Әпдіғапаров 1982 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. - Жұмадин Патов, 1982 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланды. - Қанат Жақаев, 1984 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған. - Айдос Нұрқалиев, 1986 жылы туған, Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеуге жарияланған.
«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған адамдарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады»,- делінген хабарламада. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии
Другие материалы