Бұрынғы Экология, геология және табиғи ресурстар министр Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол газ жобаларының дамуына жетекшілік етеді”, - деп жазылған хабарламада.Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда дүниеге келген. 1995 жылы Шахмардан Есенов атындағы Ақтау политехникалық институты, «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» факультеті. 1995-1997 жылдары – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист. 1997 жылдары – Ақтау қаласындағы салық бөлімі, инспектор. 1997-1998 жылдары – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-разрядты инженер. 1998-2006 жылдары – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жылдары – Энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. 2015-2020 жылдары – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары. 2020 жылғы 5 наурыздан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі. 2021 жылғы 10 қыркүйектен 2023 жылғы 4 қаңтарға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.