Түркістан облысын су басуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, 2 ақпанда Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.
Оқиға 2 ақпан сағат 08:00-де қардың еруі және жауын-шашынның көп жаууы салдарынан басталған.
Түркістан облысы әкімдігі 2 ақпанда Сауран ауданы Бабайқорған ауыл округіне қарасты Бабайқорған, Абай, Үлгілі елдімекендерінде көшелер мен тұрғын үйлердің ауласына су кіргенін айтты.
Сондай-ақ, шамамен 10-ға жуық үйдің ауласын су басқан. Бабайқорған ауылындағы жалпы орта мектептің ауласын да су басқан, мектеп оқушыларына сабақтар тоқтатылды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз