Қызметін асыра пайдаланды деп айып тағылған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа қызметке тағайындалды. Енді Біртанов күллі республика көлеміндегі QazMed кәсіподағы басшысының кеңесшісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мұндай ақпаратты ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Гүлмира Қаракөзова QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағының қатары жаңа қызметкермен толыққанын атап өтіп:
"QazMed Республикалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиакпар Мәтішев әріптестерін қарсы ала отырып, медициналық қызметкерлер әлеуметтік әріптестікті дамытуда орасан зор тәжірибесі бар Елжан Біртановтан үлкен үміт күтетінін атап өтті", – деп жазды.
"Адырна" ұлттық порталы
министр
Қазақстан
аурухана
сот ісі
ковид
медицина
дәрігер
Денсаулық сақтау министрі
Жаңа Қазақстан
Елжан Біртанов