Тоқаев: Бірінші қазақ тілі болуы тиіс

2537
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/03/to-aev.jpg
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮШТІЛДІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРІН БІЛДІРДІ. Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды. «Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті.  Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы