Азия чемпионаты. Қазақстан балуандары 2 алтын, 2 қола жүлде алды

4814
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/07/67854d19-6fa7-45e8-9c47-a9500a6d7c73.jpeg
Кеше, 14 шілде Амман қаласында күрес түрлерінен 15 және 20 Азия чемпионатының (U15&U20) үшінші күні бозкілемге U15 еркін күрес балуандары шығып, ел қоржынына 2 алтын және 2 қола жүлде түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  44 келідегі Саят Әбдуали Иран балуаны Кейван Аршадгасабсарайдан, 52 келідегі Бекасыл Асамбек жапондық Тайга Хибаринодан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, 48 келідегі Ералы Әскербек пен 85 келідегі Нұрислам Шалқаровтар қола жүлдені қанағат тұтты.  
Комментарии
Другие материалы