Көкшетау қаласының бірқатар көшесіне қазақша атаулар берілмек

2339
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/img_7260.jpeg
Көкшетау қаласындағы бірқатар көшеге қазақша атаулар беріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Ақмола облысы әкімінің қаулысында «Парк борцам за революцию» саябағын «Алаш арыстары» саябағына; Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауын Кәкімбек Салықов атындағы жағалауға; 2 горная көшесін Таңсамал көшесі; Алма-Атинская көшесі (Транскрипциясын нақтылау мақсатында ) Алматы көшесіне; Дмитриев көшесін Күйші Дәулеткерей көшесіне; Кирветка көшесін Керуен көшесіне; Космонавтар көшесін Ғарышкерлер көшесіне; Никитин көшесін Ботай көшесіне; Шучинская көшесін Байқоныс көшесіне ауыстырылатындығы айтылған. Құжат 4 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы