Жол ережесін бұзған Қайрат Нұртас айыппұл арқалады

2733
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/566400cd-a165-4863-a471-47ecf7f57682.jpeg
Әнші Қайрат Нұртас Қордай ауданында жол ережесін бұзып, айыппұл арқалаған, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Халықтың сүйікті әншісіне айналған Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында жол қозғалысы ережесін бұзған. Әншінің көлігін халық сырттай түсіріп алған. Желіде тараған кадрда: «Қайрат Нұртас Жамбыл облысының Қордай ауданына келіп, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Бұл үшін бірінші кезекте жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған», - делінген. Әншінің бұл әрекеті тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмаған. Жамбыл облысы Полиция департаменті баспасөзінің хабарлауынша Қайрат Нұртасқа 10 350 теңге көліменде айыппұл салынған. "Аталмыш факт ағымдағы жылдың 25 тамызында Алматы-Ташкент тас жолының 215 шақырымында, Қордай ауданы аумағында орын алған. 601-бап бойынша ("Жол белгілерінде немесе жолдың жүру бөлігін таңбалауда көзделген талаптарды сақтамау") әкімшілік хаттама толтырылды. «ҚР ӘҚБтК бойынша 10 350 теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша Полиция департаменті.
Комментарии
Другие материалы