Тоқаев әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады

2534
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/006e405ec5c74795a5956c094fcf5be0.jpeg
19 қыркүйек күні таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанның қуанышына ортақтасып, жүлделі жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президенттің құттықтауы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды:
"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді президент.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы