Жедел жәрдем көлігі соққан. Апат видеосы тарады

2687
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/apat.png
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соқтығысқан видеосы тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Талдықорғанда жол апаты орын алып, зардап шеккен 2 азамат ауруханаға жатқызылған. Бұл ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі хабарлады. "Volkswagen Vento мен жедел жәрдем вагонының қатысуымен болған ЖКО 6 қазанда Ескелді би-Сланов қиылысында орын алды. Автокөліктер соқтығысқан кезде жеңіл көлікте екі адам зардап шекті. Жарақат алғандар ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада. Жол апаты кадрлары бұрын ғаламторда тараған. Видеода көрсетілгендей жолдың қиылысында жеңіл көлікке жедел жәрдем көлігінің қалай соғылғанын көруге болады.
Комментарии
Другие материалы