«Құмарлықтың соңы әр жанұяға қасірет болып, арты қайғылы оқиғаларға соқтырып жатыр. 3 676 суицидтің әрбір 5-ші жағдайы құмар ойынына байланысты. Өлімнен қорлық жаман дейді. Кім осы бизнестің құрбаны болғаны үшін жауапкершілік алады? Мектеп жасындағы 3,5 млн. баланың 700 мыңнан астамы 1 рет болсын бәс тіккен. Бұл Қазақстандағы 1 млн-нан астам құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді»,—деді ол.Руслан Берденов лудоманиямен күресудің бірнеше жолын ұсынды.
»Бірінші: Онлайн құмар ойындарына толығымен тыйым салу. Екінші: Букмекерлік бизнес жарнамасына толығымен тыйым салу. Үшінші: Ойын бизнесі қызметтеріне салық мөлшерлемелерін көтеру. Себебі ағымдағы салық төлемдері тұрақты. Яғни қанша пайда тапса да бір салық мөлшерін төлей береді. Айналымның ұлғаюы тек букмекерлерге тиімді. Төртінші: Салық кодексіне құмар ойындары лицензиясы үшін төлемақы мөлшерін көтеру. Бесінші: Корпоративтік табыс салығын ағымдағы 20%-дан 30-40%-ға көтеру. Алтыншы: Букмекерлердің аппаратық программалық жүйелерін мемлекеттік табыс департаменті жүйесіне қосу. Мақсатымыз осы бизнестің нақты айналымын анықтау, салық төлемдерінің толыққанды бюджетке түсуін қадағалау. Жетінші: Әр ойыншыға жеке ID беру және зейнетақы төлем мөлшеріне байланысты ставка қою мөлшеріне шектеу жасау. Сегізінші: Казинолар мен букмекерлер орналасқан жер телімдерінің салығын көтеру»,—деді депутат.