Ердоған Палестинаны қолдап, митингке шығуға шақырды

2579
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/izobrazhenie_2023-10-11_095025404-960x500.png?token=582b5481158db7101564572a906e0187

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Палестинаны қолдау мақсатында Ыстамбұлда өтетін митингке қатысуға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мен ертең Ататүрік әуежайында өтетін «Үлкен Палестина митингіне» ұлтымыздың әрбір өкілін қатысуға шақырамын. Бүкіл әлемге палестиналық бауырларымызбен бір екенімізді көрсету үшін», - деп жазды Түркия президенті Twitter әлеуметтік желісінде.
Болжам бойынша, митингке 1 миллионнан астам адам қатысады. Осыған байланысты Ыстамбұл билігі қалалық көліктің жұмысына түзетулер енгізіп, тұрғындар үшін тегін жол жүру жағдайын қарастырған.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы