Бүгін, кешкі 18.00-де "Хабар" арнасында тікелей эфирде өтетін кандидаттар дебатына Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына оның сайлауалды штабының жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысады. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
“Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес және басқа да халықаралық дәрежедегі шараларға қатысты. Сондықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев бұйрығымен оның атынан, сенімгер тұлға ретінде теледебатқа Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мәулен Әшімбаев қатысады”, - деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
ҚР президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Тоқаевтың теледебатқа қатыспайтынын айтқан болатын.
Теледебатқа Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов, Төлеутай Рахымбеков, Амангелді Таспихов, Сәді-Бек Түгел қатысатындарын айтты. Inforumburo.kz сайтының хабарлауынша, "Ақ жол" партиясының кандидаты Дания Еспаева дебатқа қатыспайды. Оның орнына партия төрағасы Азат Перуашев қатысады.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз