Шымкентте "ұлын өлтірді" деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Astana TV-ге сілтеме жасай отырып.
Бірқатар қазақстандық БАҚ беттерінде "жігіттің тамағын өз әкесі кесіп тастаған болуы мүмкін" деген ақпарат тарауда.
"Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы 28 жастағы азаматтың мойын аймағында жарақат алып, пышақтап өлтірген мәйітін орнатты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған кінәлі адамды анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды жүргізуде", - деп хабарлады Шымкент ПД.
ҚР ҚК 99-бабы бойынша "кісі өлтіру"қылмыстық іс тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қазір азамат іс бойынша басты күдікті ретінде тергелуде. "Баласын өлтірді" деген тұрғын психиатрдың есебінде тұрғаны анықталды.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз