ДДҰ: COVID-19 ауруын жұқтырғандар саны 52%-ға артты

2625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/korona-test-960x500.jpg?token=3794ee5419d22ac3326e34d84844a983
Әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар азаймай тұр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. ДДҰ мәліметінше, 20 қарашадан 17 желтоқсанға дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 850 мыңға жеткен. Яғни 1 айда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 52%-ға артқан. Ұйымның мәліметінше, өлім саны алдыңғы 28 күндік кезеңмен салыстырғанда 8% - ға төмендегені анықталды.
"2023 жылдың 13 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін COVID-19 салдарынан 118 мыңнан астам адамды ауруханаға жатқызу және қарқынды терапия бөлімшелеріне 1600-ден астам ауруларды ауруханаға жатқызу дерегі тіркелді", - деп хабарлайды ДДҰ.
Комментарии
Другие материалы