Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өсті

6760
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/zhalaky-zhanalyktar-bakalavriat-magistr-960x500.jpg?token=570dfd5a3f83473bfb90501ef71a5c27

Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы мөлшері өсті. Енді мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге.

Жасы бойынша және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ке өсіп отыр. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 7 процентке көтерілді.

Айта кетсек, 2023 жылдан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-інен 70%-іне, ал ең жоғары мөлшерін 100%-інен 120 проценіне дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған.

Өткен жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54%-тен 60%-ке дейін өсті. Бес жыл ішінде базалық зейнетақы орта есеппен 50%-ке артады деген жоспар бар.

Қазір елімізде шамамен 2,3 миллионнан астам зейнеткер бар.

Қолданыстағы заңға сәйкес, Қазақстанда ерлер 63 жасында, ал әйелдер 2028 жылға дейін 61 жасында зейнетке шығады.

Комментарии
Другие материалы