Президент Тоқаев Данияның жаңа басшысына құттықтау жеделхатын жіберді

1839
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/toқaev-pen-daniya.jpeg
ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Данияның жаңа басшысы X Фредерикті таққа отыруымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеп. Тақ мұрагері Фредерик ханзаданы Президент Тоқаев жаңа мәртебесімен құттықтады. Сондай-ақ ханзаданы Дания Королі ретінде жариялаған II Маргретеге де жеделхат жолдады.
Сіздің басшылығыңызбен Дания өзінің орнықты дамуын, халқының әл-ауқатын еселеп, халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы игі істерді жалғастыра беретініне кәміл сенемін. Қазақстан мен Дания арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген жан-жақты ынтымақтастық бірлескен күш-жігеріміздің арқасында алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – деп жазылған жеделхатта.
Комментарии
Другие материалы