Қазақстан Президенті 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

2338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/8a8062be-2bff-488a-9262-c4c63df671d0-960x500.jpeg?token=5452a22143d12ad174e79d052dd354a2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп  хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.    Сонымен қатар, Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.    Президент келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.     Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.  
Комментарии
Другие материалы