"Бейіттің қасында келе жатырмын". Атырауда 11 күн бұрын жоғалған адам іздестірілуде

3623
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpg?token=38c5ebc3273c5e0766c583d68e9bfd4a
Атырауда 11 күн бұрын жоғалып кеткен адам әлі іздестірілуде, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі AtyrauPress-ке сілтеп.  Жылыой аудандық полиция бөлімі 9 қаңтар күні аудан тұрғынын іздестіріп жатыр. 1985 жылы туған азамат белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін үйіне оралмаған. 39 жастағы азамат 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында “коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім” деп анасына хабарласқан көрінеді. Алайда одан кейін байланыс үзілген. Іс-түссіз жоғалған адамды іздеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр.
Комментарии
Другие материалы