Шымкенттік тұрғындар газсыз қалды

2187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/gaz-960x500.jpg?token=88b29383e49502eda7a44d34f1a2c83d
Шымкенттегі 1500-ге жуық абонент газсыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Қаладағы Мәртөбе елдімекенінде жоғары қысымды газ құбырынан табиғи газдың шығыны орын алды. Салдарынан тұрғындар газдан айырылған. Жауапты мамандарының мәліметінше, құбырдағы ақау 3 қаңтар кешкі сағат 21:45 шамасында анықталған. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техникалар мен 30 жұмысшы жұмылдырылыпты. Қала әкімдігі пәтерден газдың иісі байқалса, дереу 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет екенін ескертеді.
Комментарии
Другие материалы