Бүгін Қазақстанның жаңа премьер-министрінің есімі белгілі болады

2736
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/515873b3-55cf-48a9-babb-6d98f87bf041.jpeg

«Аманат» партиясының баспасөз қызметі бүгін, 2024 жылдың 6 ақпанында фракция отырысы өтетінін растады. Отырыс аясында ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасы қаралады деп күтілуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Закон.кз сайтына сілтеме жасай отырып.

Басты саяси жаңалық – үкіметтің отставкаға және Әлихан Смайыловтың премьер-министр қызметінен кетуі. Хабарлағандай, бүгін сағат 11:00-де «Аманат» партиясы фракциясының отырысы өтіп, онда премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады. «Аманат» партиясының баспасөз хатшысы фракция отырысының бүгін өтетінін растады, бірақ уақытты нақтыламады. Бұл шараға БАҚ өкілдері шақырылмағаны да белгілі болды.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы