Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

2860
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/4d82fbde-903a-4e71-8ea7-f09ba6492b0e.jpeg

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 92 келі салмақтағы Азия чемпионы Айбек Оралбай Олимпиадаға жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Айбек Оралбай 1/4 финалда АҚШ өкілі Жамар Таллейді барлық раундта жеңіп, төрт жылда бір келетін додада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Осы салмақта Токио Олимпиадасында Василий Левит күш сынасқан еді.

Турнирде Айбектің сыңары – Нұрбек Оралбай да 80 келіде қолғап түйістіріп жатыр.

Комментарии
Другие материалы