Украина аспанынан ерекше жарқыл көрінді

2591
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/whatsapp-image-2024-05-05-at-14.45.59.jpeg

Украина аспанында ерекше құбылыс байқалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Страна.ua-ға сілтеп.

Шетелдік БАҚ аномалия Киев, Одесса, Днепр және елдің батыс облыстарында байқалғанын хабарлады. Ал ерекше жарқылға куә болғандар оның қозғалғанын айтады. Кейбір желі қолданушыларының айтуынша түнгі аспандағы жарқыл Falcon 9 зымыранының ізі болуы мүмкін. Себебі зымыран екі жер серігін орбитаға шығарғаны атап өтілді. Ал аспанда көрінген жарық жол Falcon 9 сатысынң бөлінуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін айтылды.
Комментарии
Другие материалы