Алматы маңында жол апатынан үш адам қаза тапты

2564
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/izobrazhenie_2024-05-08_175144414.png
Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал тас жолының 41-ші шақырымында болған. «Mitsubishi Lancer жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы келе жатқан Nissan Cefiro көлігіне соқтығысып,  салдарынан жолдың бойындағы Mitsubishi Pajero Sport және BMW X5 көліктерін де зақымдаған», - деді Алматы облысының жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов. Оқиға салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. «Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Облыстық полиция барлық жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдықты, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады», - деп қосты полковник Әленов.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ✳️Kazakhstan | Казахстан✳️ (@krispi.almaty)

 
Комментарии
Другие материалы