Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өзінің қол сағаты және жұмыс киімге байланысты ұраққа жауап берді, деп хабарлайды Adyrna.kz ұлттық порталы.
Сағатты 2 миллион деуі асыра айтылған және бізде форманы өз ақшасына сатып алу деген жоқ. Біз өз құтқарушыларымызды тегін киіммен қамтамасыз етеміз. Әрине, мүлдем жаңа емес, бірақ қамтамасыз етіледі, – деді Әрінов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
БАҚ өкілі министрдің сағаты қанша тұратынын сұрады.
“2 миллион теңге тұрмайды. Қанша тұратынын нақты білмеймін, маған сыйға тартылған стандартты сағат, – деп жауап берді министр.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде жыл сайын жүздеген адам суға батып, қаза болатынын айтты.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз