Президент Тоқаев Қазақстанға сапарын тоқтатқан Жапония премьер-министріне қолдау білдірді

1135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6619.jpeg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға сапарын тоқтатқан Жапония премьер-министрі Фумио Кишидаға қолдау білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты. Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.  
Комментарии
Другие материалы